Алматы облысы дін істері басқармасы, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының ұйытқы болуымен Қапшағай қаласы Қапшағай көпсалалық колледжі және Қапшағай кәсіптік колледждерінде студенттері арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Жастармен кездесу «Дін, дәстүр, мәдениет – біздің ортақ құндылығымыз» тақырыбында бастау алып, салиқалы сұхбат пен еркін пікір алмасу мен жалғасын тапты. 
Жиын барысында жастардың көкейтесті сауалдары өзара талқыланып, «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі жастардың назарына ұсынылды, ақпараттық парақшалар таратылды. 
Сондай-ақ Дін саласындағы мәселерді зерттеу орталығының мамандары «Облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру» тақырыбында «фокус-топ» әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізіп қатысушылардан сауалнама алды. Әлеуметтік зерттеу жұмысына оқу ордасының белсенді білімгерлері қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Зерттеудің қорытындысына сәйкес жастардың ұшқыр ойлары мен жоспарлары қажетті деп танылып, алдағы жоспарлы жұмыстарда қолданылатын болады. 

g-115.jpg

g-116.jpg

g-117.jpg

g-118.jpg

g-119.jpg

g-120.jpg

g-121.jpg

Байланыс

 Республика Казахстан,
Алматинская область,
г. Талдыкорган,
ул. Абылайхана 125;
Тел. доверия: 8 800 080 2895.
E-mail: 87282412098@mail.ru;

 

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

СХЕМА ПРОЕЗДА