Талдықорған қаласы Жетісу әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде «Ата салты – асыл қазына» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. 
Кездесуге Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкерлері А.Бабатай, Р.Нұрсолтанов, Ғ.Ондасынов қатысып, жастардың көкейтесті сауалдары өзара талқыланды, сонымен қатар кездесу барысында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, ақпараттық парақшалар таратылды.

Сонымен қатар, колледж студенттерінің қатысуымен «Ғаламтор діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттау және еліктіру алаңы» тақырыбында «фокус-топ» әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардан сауалнама алды. Әлеуметтік зерттеу жұмысына аталған колледждің белсенді студенттері қатысып, тақырыбын кеңінен талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. 
Зерттеудің қорытындысына сәйкес жастардың ұшқыр ойлары мен жоспарлары қажетті деп танылып, алдағы жоспарлы жұмыстарда қолданылатын болады. 

ZH-30 (1).jpg

ZH-30 (2).jpg

ZH-30 (3).jpg

ZH-30 (4).jpg

ZH-30 (5).jpg

Байланыс

 Республика Казахстан,
Алматинская область,
г. Талдыкорган,
ул. Абылайхана 125;
Тел. доверия: 8 800 080 2895.
E-mail: 87282412098@mail.ru;

 

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

СХЕМА ПРОЕЗДА