Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

23 мамыр күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен Алматы облысы дін істері басқармасының мұрындық болуымен «Діни-дәлелді экстремизмнің алдын алу өзекті мәселелері: пәнаралық анализ» (Алматы облысының контекстінде) ақпараттық-әдістемелік нұсқаулықтың тұсаукесері өтті.

Аталмыш кітапта Алматы облысы дін істері басқармасының негізгі бағыттары мен құқықтық, дінтанулық, психологиялық, әлеуметтік-саяси аспектілері ұсынылған.

Шара барысында басқарма басшысы Р.Есдәулетов нұсқаулықтың әр бөлімін толығырақ таныстыра отырып, қазіргі заманғы талаптарға сай инновациялық аталмыш еңбек: ақпараттық-түсіндіру топтарына (АТТ), мемлекеттік кызметкерлерге, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдеріне, сонымен қатар, студенттер, магистранттар, докторанттар мен дін саласына қызығушылық танытқан барша оқырманға бірден-бір таптырмайтын нұсқаулық екендігін атап өтті.

Іс-шараға "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы" КММ директоры Әдетбеков Нұрлан Байғожанұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің деканы, философия ғылымдарының докторы Масалимова Алия Рмғазықызы, философия ғылымдарының докторы, дінтанушы-сарапшы Біләлова Гүлмира Қайсарқызы, "Қазақстан Республикасындағы терроризм мен экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы" қоғамдық қорының жетекшісі Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы, Алматы қаласы Қоғамдық білім басқармасының бас маманы Абдихамитов Бақдаулет Халилуллаұлы қатысты.

Шара соңында ақпараттық-әдістемелік құрал Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының кітапханаларына және барлық қатысушыларға сыйға берілді.

Байланыс

 Республика Казахстан,
Алматинская область,
г. Талдыкорган,
ул. Абылайхана 125;
Тел. доверия: 8 800 080 2895.
E-mail: 87282412098@mail.ru;

 

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

СХЕМА ПРОЕЗДА