Ағымдағы жылдың 4 маусым күні Ақсу ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының жұмысы аясында «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында семинар өтті.

Шараға Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушылары Ғалымжан Оңдасынұлы, Эльмира Медеубекова, Сарқан ауданы бойынша ҰҚК қызметкері Нүсіпхан Алмас, аудандық полиция бөлімінің қызметкері Бимуратов Айдын, Сарқан ауданының инспекторы Хуан Түсіпхан, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманбай Айтбайұлы қатысып, діни экстремизм мен терроризмге қарсыіс-қимылдың өзекті мәселелері өзара талқыланды.

Сонымен қатар, семинар барысында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, ақпараттық парақшалар таратылды. Шараға аудан көлеміндегі жұмыссыз жастар, студенттер, ауыл тұрғындары, терроризм тұрғысынан осал объекті басшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, барлығы 100 жуық адам қамтылды.

Байланыс

 Республика Казахстан,
Алматинская область,
г. Талдыкорган,
ул. Абылайхана 125;
Тел. доверия: 8 800 080 2895.
E-mail: 87282412098@mail.ru;

 

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

СХЕМА ПРОЕЗДА