А.ж. 1 қараша күні, «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 10 белсенді студенттері екі Орталықтың жұмысымен танысты.


Шара барысында ғаламтор желісіндегі теріс діни ағымдарға қалай төтеп беру, олардың психологиялық арбау тәсілдерінен сақ болу және ҚР ӘҚ кодексіне қарама-қайшы келетін сайттар тізімі көрсетіліп, оларға тіркелуге тыйым салынғандығы жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Дін және мәдениет – руханият әлемі» газетінің №8-ші шығарылымы, «Я знаю, что нельзя», «Жалған терроризм – ойыншық емес» флаерлары, «Діни толеранттылық: кеше және бүгін», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары» және басқа да тақырыптарда бүктемелер мен ақпараттық парақшалар таратылды.
Белсенді жастар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

oi01 (1).jpg

oi01 (2).jpg

oi01 (3).jpg

oi01 (4).jpg

oi01 (5).jpg

oi01 (6).jpg

oi01 (7).jpg

Байланыс

 Республика Казахстан,
Алматинская область,
г. Талдыкорган,
ул. Абылайхана 125;
Тел. доверия: 8 800 080 2895.
E-mail: 87282412098@mail.ru;

 

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

СХЕМА ПРОЕЗДА