Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, Көксу аудандық «Көксу жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 7 қараша күні аудан орталығында діни экстремизмнің алдын алу, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін және дінтанулық сауаттылығын арттыру, аудан тұрғындары арасында әлеуметтік, мәдени және рухани бірлігін сақтау мақсатында «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында форум болып өтті.

Шараға аудандық дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілері, «Дінтану» пәнінің оқытушылары, әр түрлі саладағы жастар және оқушылар, жалпы саны 200-ге жуық адам қамтылды.

Алматы облысы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының мамандарымен бірлесіп экстремизм, терроризм, терминдеріне түсінік беріп, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат берілді.

Форум барысында аудан тұрғындарының назарына «Мұны білгеніңіз жөн!» тақырыбында OpenAir форматында сурет көрмесі ұсынылып, ақпараттық брошюралар мен діни әдебиеттердің электронды нұсқасының QR коды бар карточкалар таратылды. Экстремизмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шаралары жүргізілді.

kok01 (7).jpeg

kok01 (6).jpeg

kok01 (5).jpeg

kok01 (4).jpeg

kok01 (3).jpeg

kok01 (2).jpeg

kok01 (1).jpeg

Байланыс

 Республика Казахстан,
Алматинская область,
г. Талдыкорган,
ул. Абылайхана 125;
Тел. доверия: 8 800 080 2895.
E-mail: 87282412098@mail.ru;

 

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

СХЕМА ПРОЕЗДА