«РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ»
Бүгін осындай атаумен ІІІ АЙМАҚТЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ ӨТТІ. Оған ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша және Талдықорған қаласындағы аймақтық «Иман» мешітінің Бас имамы А. Оразбаев, Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Р. Есдәулетов, ҚМДБ-ның «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы Н. Есмағанбет, Дін жанашыры, философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Аманжол, "Жетісу" газеті бас редакторының орынбасары, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Ж. Әміреев, сондай-ақ, өңірге белгілі қоғам, мәдениет қайраткерлері, журналистер, Алматы облысының құрметті азаматы, «Тақиялы періште» фильмінің басты рөлін сомдаушы Ә. Райымбеков, облыстың имамдары қатысты.


Форумның мақсаты – "Жеті рухани қазық" атты Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасымен таныстыру. Республикалық имамдардың үшінші форумында қабылданған тұғырнама мұсылманның тұла бойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік принциптерін арқау еткен тұғырнама адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негізделген.
Кездесу барысында «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» атты ІІІ аймақтық имамдар форумының үндеуі қабылданды. Сонымен қатар, ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі мен міндеттері, дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі таныстырылып, озат шыққан дін қызметкерлері ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай Қажы Ораздың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

mew01 (2).jpg

mew01 (3).jpg

mew01 (4).jpg

mew01 (5).jpg

mew01 (6).jpg

mew01 (7).jpg

mew01 (8).jpg

mew01 (9).jpg

mew01 (10).jpg

Байланыс

 Республика Казахстан,
Алматинская область,
г. Талдыкорган,
ул. Абылайхана 125;
Тел. доверия: 8 800 080 2895.
E-mail: 87282412098@mail.ru;

 

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

СХЕМА ПРОЕЗДА