Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Талғар қаласында Д.Қонаев атындағы заң колледжінің мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризм алдын алу мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу» тақырыбында облыстық оқыту курсы өткізілуде. Аталған оқыту семинары 3 күнге созылмақ.


Курстың мақсаты: Діни сенім бостандығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары зайырлылық тұрғыдан ақпарат беру, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптары мен дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілерді орындау бойынша өңірлерде туындайтын мәселелерді жете түсіндіруде жергілікті биліктің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамды тарту, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Жас ұрпаққа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды насихаттау жұмыстарды жүргізу арқылы дұрыс тәрбие беру. 
Оқыту жұмысына философия ғылымдарының докторы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Б.К Бейсенов, «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігінің оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты М.М Мадияров, Яссауи университеті Гуманитарлық ғылымдар факультетінің Ph докторы, теолог Б.К Ботакараев, Философия ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениет университетінің профессоры Қ.А Затов, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің PhD докторанты, з.ғ.магистрі Р.У. Сейтказиев, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының РМУ оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Ш.А Амирбеков, БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институтының Ph докторанты Жүзей Мырза сынды білікті мамандар қатысып, оқу курсын жүргізуде. 
Оқыту курсына 80-ге жуық өңірлік имамдар мен ұстаздар тартылды. 

807e9 (1).jpg

807e9 (2).jpg

807e9 (3).jpg

807e9 (4).jpg

807e9 (5).jpg

Байланыс

 Республика Казахстан,
Алматинская область,
г. Талдыкорган,
ул. Абылайхана 125;
Тел. доверия: 8 800 080 2895.
E-mail: 87282412098@mail.ru;

 

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

СХЕМА ПРОЕЗДА