Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 432 қаулысымен «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- орталық) құрылған.

Ресми адресі: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі 125

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 41-23-35

Мекеменің құрылудағы басты мақсаты:
Елдегі дін саласына қатысты мемлекеттік саясатты халық арасында насихаттау. Тұрғындардың толеранттық санасын қалыптастыру.Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты деструктивтік діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, дін саласына қатысты әлеуметтік зерттеулер, ғылыми-талдау жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. игі шараларды атқару.

Орталықтың негізгі міндеттері:
1) Алматы облысының аумағында дін саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыру;
2) мәдениет пен дін диалогының жаңа нысандарын іздеу жолымен конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайту;
3) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
4) жергілікті мемлекеттік органдармен, қоғамдық-діни бірлестіктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметін үйлестіру;
5) өңірдегі діни ахуалға, облыс аумағында құрылған діни бірлестіктердің, олардың филиалдарының және миссионерлердің қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;
6) Қазақстан Республикасы және облыс аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгері жылжытуға бағытталған конфессияаралық келісім мен төзімділікті нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
7) ақпараттық деректер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау және сыныптау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

Орталықтың жұмыс жасау әдіс-тәсілдері

  • Кездесу, семинар, тренинг және лекциялар өткізу;
  • Тұрғындарға кеңес беру;
  • Онлайн түрде байланыс, «Сенім телефоны », ғаламторды пайдалану, БАҚ-пен байланыс;
  • Бейнефильмдер мен бейне роликтерді шығару;
  • Таратпа және әдістемелік құралдарды басып шығару.

Орталық негізгі әрекетінің қамту аймағы:

  1. Жастар;
  2. Тұрғындар арасындағы әлеуметтік мұқтаж топтар;
  3. Мемлекеттік органдар қызметкерлері;
  4. Діни конфессиялар өкілдері;
  5. Этномәдени және қоғамдық бірлестіктер өкілдері;
  6. ЖОО және орта мектептер мұғалімдері.

Байланыс

 Республика Казахстан,
Алматинская область,
г. Талдыкорган,
ул. Абылайхана 125;
Тел. доверия: 8 800 080 2895.
E-mail: 87282412098@mail.ru;

 

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

СХЕМА ПРОЕЗДА